Тоқаев үкімет неліктен отставкаға кеткенін түсіндірді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжілістің пленарлық отырысында кеше үкімет жұмысы неліктен уақытша тоқтағанын түсіндіріп берді. Сөзінше, қоғам да осы өзгерісті күтіп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ақорда
“Жаңа тәсілдер дайындалады. Үкіметке жаңа леп беру керек деп ойлаймын. Қоғам да осыны күтіп отыр. Сол себепті Әлихан Смайыловтың отставкаға кету туралы арызын қабылдадым”, – деді президент.
Еске салайық, 5 ақпанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел үкіметін отставкаға жіберу туралы қаулыға қол қойды.
Сонымен қатар президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа парламент мәжілісінің және Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.
Шымкентте тұрғындар белгісіз себеппен уланып, балалар көз жұмды
27 жастағы келіншек пен қос перзенті және 15 жастағы студент қыз жалдамалы пәтерге жарты жыл бұрын көшіп келген екен
"Бір сағат сөйлесіп, 30 мың теңгемді алды": Алматы тұрғыны сауда орталығындағы әйелден сақ болуға шақырды
Автор: "Тектік түйін", қызыл іш киім туралы айтты"