Тоқаев түркі тілдес елдерді жаппай вакцинациялауға шақырды

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің онлайн-саммитінде Қазақстан басшысы жаппай вакцинациялау ғана коронавирус эпидемиясын тоқтатуға мүмкіндік беретіндігін айтты.

«Әрине, эпидемияны тоқтатудың жалғыз жолы - бұл азаматтарымызды жаппай вакциналармен қамтамасыз ету. Біздің елде вакциналар шығарыла бастады. Мен ортақ мүдделер үшін тәжірибе алмасып, бір-бірімізді қолдауды қажет деп санаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол, өкінішке қарай, халықаралық қауымдастық пандемиямен күресте біртұтас әрекет ете алмады деп қосты.

«БҰҰ Бас ассамблеясының 75-ші сессиясында Қазақстан биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттігін құру туралы бастама көтерді. Сіз бұл идеяны қолдайды деп сенемін. Агенттік болашақта биологиялық қауіп алуға және қауіпті аурулар туралы мәліметтермен алмасуға мүмкіндік беретіні сөзсіз», - деді Қазақстан басшысы.

ҚР gрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн түрде Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр