Тоқаев су тасқынынан қаза тапқандарға байланысты Корея президентіне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяның президенті Юн Сок Ёлге көңіл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны мен көшкін салдарынан көптеген адам шығынына байланысты Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёлге көңіл айту жеделхатын жолдадыа.
"Қазақстан халқының атынан және өз атымнан табиғи апатта қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, хабар-ошарсыз кеткен азаматтардың отбасыларына оралуын тілеймін", – делінген жеделхатта.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяда су тасқыны мен көшкін салдарынан 32 адам қаза тапқаны белгілі болды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған