Тоқаев Рим Папасына естелік ретінде домбыра сыйға тартты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискке естелік ретінде домбыра сыйлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Ақорда жазады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискке қонақжай қазақ жерінен естелікке домбыра сыйлады", – делінген бейсенбі күнгі ақпаратта.
Еске салайық, Рим Папасы Қазақстанға Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысу үшін келген.
13 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда Рим Папасы Франциск қазақтың ұлттық аспабы – домбыра жайлы сөз сөйлеген. Домбыраның құрылысы туралы тоқталған ол аспапта екі шектің көмегімен ойнайтынын атап өткен. Бұл арқылы Франциск "екі параллель шектің" арасында үйлесімділік жасай отырып, алға жылжу қабілетін көрсеткен Қазақстанды сипаттайды.
Шымкенттегі алып қашу оқиғасы: Жігіттің туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берді, ал қыз оны жоққа шығарып отыр
Қыз өзі келіп6 адам ұрлау фактісімен арыз жазды
Қазақстандық ер адам қолына бұрауыш тығып алып, көз жұмды: Туыстары дәрігерлердің салғырттығына шағымданды
Ер адам ауыр жарақат алғаннан кейін Ақтөбе медициналық орталығына жүгінген