Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев ресми сапармен Италияға барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорда таратқан ақпаратқа сүйеніп хабарлайды.

Токаев италия

Қазақстан президентін Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алған. Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрғаны айтылады.

“Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар Президент "Қазақстан-Италия" инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр”, – делінген сәрсенбіде тараған ақпаратта.



Қазақстан президенті 19 қаңтар күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі.

Еске салайық, 2022 жылдың қыркүйегінде Рим Папасы Франциск Қазақстанға ресми сапармен келген. Қадірлі қонақты елордада Тоқаевтың өзі күтіп алған.

Талқылау