Тоқаев Ресей президентін Қазақстанға шақырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ қалыптасқан сенімді байланыстар Қазақстан мен Ресейдің ортақ істе одан әрі жақындай түсуіне ықпал ететіні сөз болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді келесі жылы елімізге ресми сапармен келуге шақырды.
Мемлекеттер басшылары екіжақты және көпжақты форматтағы бірлескен жұмыстарды жалғастыра беруге уағдаласты. Сонымен қатар Президенттер бірін-бірі Жаңа жылмен құттықтады.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі