Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Раиси мен ирандықтарды Ислам революциясы күнімен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иран көшбасшысы Ибрагим Раиси мен ирандықтарды Ислам революциясы күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Токаев - Раиси

Фото: Ақорда

Ақорда ұсынған ақпаратқа қарағанда, мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Ибрахим Раиси мен ирандықтарды төл мерекесі – Ислам революциясы күнімен құттықтаған.



“Бүгінде Иран саяси тұғыры берік, экономикасы тұрақты дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Ұлт бірлігі мен ынтымағын ту еткен мемлекетіңіз Сіздің басшылығыңызбен алдағы уақытта да игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Иран – біздің Каспий аймағындағы маңызды серіктесіміздің бірі. Осыған орай дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогқа негізделген ықпалдастығымыз өзара тиімді сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығымызды нығайтуға берік арқау бола беретініне кәміл сенемін”, – деп жазылған жеделхатта.

Сондай-ақ Тоқаев Ибрахим Раисидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Иран халқына құт-береке тілегені айтылады.

Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев Франция президенті Макронға қазақы тазының екі күшігін сыйлаған.

Талқылау