Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Фото: Ақордадан
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әңгімелесу барысында Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық мәселесі талқыланды.
“Мемлекеттер басшылары Мәскеуде өтетін келіссөздер екі елдің стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту тұрғысынан айрықша маңызды екеніне назар аударды.
Сонымен қатар әлемдегі қазіргі ахуалдың кейбір аспектілері қарастырылды”, – делінген Ақорда хабарламасында.
Фельдшерлердің мәселесін көтерген қазақстандық жындыханадан бір-ақ шыққанын айтты
Өмірбек Мұхаммадтың жедел жәрдем қызметінде бес жылдық еңбек өтілі бар
Төрт тілде еркін сөйлейтін қазақстандық жігіт ауылда мал бағып жүр
Әділет: "Әкем мал шаруашылығында, анам тазалықшы, тіл курсына артық қаржы болмады"