Тоқаев Пәкістан премьер-министрінің резиденциясына ағаш отырғызып, келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен шағын құрамда келіссөз жүргізіп, кейін оның резиденциясына ағаш екті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шахбаз Шарифпен өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
“Тараптар соңғы жылдары Қазақстан мен Пәкістан арасында көпжоспарлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайтудың перспективті бағыттарын талқылады.
-
Жаңа Конституция бойынша түпкілікті шешімді халық референдумда қабылдайды – Тоқаев
-
Конституция жобасында президенттікке кандидаттарға қойылатын талаптар белгілі болды
Кездесу барысында сауда, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, ғарыш және қаржы салаларындағы қарым-қатынасты тереңдету мәселесіне баса назар аударылды”, – делінген хабарламада.
Қарсы алу рәсімінен кейін Қазақстан Президенті Пәкістан премьер-министрінің резиденциясы аумағында ағаш екті.
Еске салсақ, мемлекет басшысы Пәкістанға мемлекеттік сапармен барғанын хабарлаған едік.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін