Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев өзінің "Байқоңырдағы" арнайы өкілін тағайындады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Ырзақұлұлы Нұртайұлын “Байқоңыр” кешеніндегі өзінің арнайы өкілі етіп тағайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қайрат Нұртай

“Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Ырзақұлұлы Нұртай Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды”, – делінген Ақорда ұсынған хабарламада. 

Қайрат Нұртай 2004 жылы Қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер-механик, 2006 жылы Д.А.Қонаев атындағы университетін заңтану мамандықтарын тәмәмдап, 2019 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітіріп, мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі ғылыми дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2004 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаментінің жетекші маманы ретінде бастаған.

2021 жылғы шілде айынан бастап Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі қызметін атқарды. Ал 2022 жылы 2 наурызда Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бүгінгі күнге дейін сол қызметті атқарып келді.

Талқылау