Тоқаев өзін елден қууға тырысқандары жөніндегі нұсқаның шындыққа жанасатынын айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғаларын өзін елден қуу үшін ұйымдастырылғанына қатысты нұсқаға пікір білдіріп, мұның шындыққа жанасатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл ресейлік арнайы қызмет өкілдерінің болжамы секілді. Болжам шын болуы да мүмкін, себебі олар елдегі жағдайды мұқият бақылап отыр. Қалай болғанда да, алдын ала дайындалған қарулы лаңкестер құрылымы билікті басып алғысы келді. Сондықтан шетелдік сарапшылардың нұсқасы шындыққа жанасады", – деп қосты ол сұхбат кезінде.
Ол Қазақстанның бұл жағдайды тыңғылықты зерттеп, сәйкес бағасын беруі керек екенін мәлімдеді.
"Сабыр түбі – сары алтын" дейді ғой. Бұл сұрақта асықпау керек, барлығын саралаған жөн. Асығыс шешім қабылдамаған жөн. Өз алдыма шындыққа жетемін деген мақсат қоямын", – деді президент.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"