Тоқаев оқушының зорлануына байланысты Тараз әкімін қызметінен босатуды тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаладағы мектепте 12 жасар қызды зорлағаннан кейін Тараз әкімін қызметінен босатуды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«12 жастағы оқушы зардап шеккен Тараз мектебіндегі оқыс оқиғаға байланысты және жұмыста жүйелік қателіктер жібергендіктен мен Жамбыл облысының әкіміне Тараз әкімін қызметінен босатуды бұйырдым. Мен облыс әкіміне ескерту жариялаймын», - деп жазды Тоқаев Twitter-де.
24 сәуірден бастап Тараз қаласының әкімі болып Қайрат Досаев тағайындалған еді.
Еске сала кетсек, Таразда педофилдің тапа-тал түсте 12 жастағы қызды зорлаған еді. Күдікті арам пиғылын мектеп дәретханасында іске асырған.
Оқиғадан кейін мектептің директоры мен үш қызметкері қызметінен босатылды.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты
Ажар: “Ауруханалар мен университеттер бомбаланып жатыр”
"Асқан қатыгездік": Қазақстандықтар қаңғыбас иттерді жаппай өлтіру туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"