Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев мерзімді әскерге шақыру туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Заңға сәйкес, 2025 жылдың көктемі мен күзінде әскери қызмет мерзімі аяқталған сарбаздар запастағы құрамға шығарылады.

18-27 жас аралығындағы, кейінге қалдыру немесе босату құқығы жоқ ер азаматтар ҚР Қарулы Күштері, ІІМ (Ішкі істер министрлігі), ТЖМ (Төтенше жағдайлар министрлігі), ҰҚК (Ұлттық қауіпсіздік комитеті) және Мемлекеттік күзет қызметінің қатарына шақырылады.


Қазақстанда әскерилердің ас мәзіріне ет пен бауырсақ қосылмақ


Жергілікті әкімдіктер әскери басқару органдары арқылы азаматтарды шақыру жұмыстарын ұйымдастырады.

Үкімет, ҰҚК және мемлекеттік күзет қызметі әскерге шақырылғандарды орналастыру және қызмет мерзімін аяқтағандарды қайтару үшін барлық қажетті қаржылай және материалдық қолдауды көрсетеді.

Айта кетейік, бұл жарлық ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Еске салсақ, 2025 жылы әскери дайындыққа 3 мың қазақстандық шақырылатыны туралы жазғанбыз.

Талқылау