Тоқаев мемлекеттік сапармен Катарға барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Катарға мемлекеттік сапармен барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тоқаевты Дохадағы "Хамад" халықаралық әуежайынан Катардың әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни қарсы алды. Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.
Рәсім аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары әуежайдың мәртебелі меймандар залында қысқаша пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев 14 ақпан күні Катар мемлекетінің әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни және премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөздер жүргізеді.
Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр. Сондай-ақ президент қазақ-катар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және осы елдің бизнес капитандарымен бірқатар кездесу өткізеді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған