Президент мемлекеттік органдардың қателіктерін талдайтын арнайы комиссия құруды тапсырды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясымен күресте мемлекеттік органдардың қандай қателіктер жібергенін анықтайтын арнайы комиссия құруды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жіберілген қателіктер мен олқылықтарды анықтайтын арнайы комиссия құру қажет. Бұл комиссия қазіргі ортақ жұмысқа кедергі жасамай, тексеріс жүргізіп, маған ұсыныс беруі керек", - деді мемлекет басшысы.
Ол үкімет тарапынан қателіктер жіберілгенін атап өтті.
"кімет тарапынан да өрескел қателіктер жіберілді. Мұны ашық айту керек. Дағдарыс кезінде цифрландыру қызметінің де рөлі мүлде байқалған жоқ. Цифрлық комиссарлар қандай жұмыс бітіріп жатыр?", - деп ашуланды Тоқаев.
2026 жылдан бастап доллар бағасы мен инфляция қалай өзгереді – Экономистер болжам жасады
Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
70 жастағы зейнеткердің зейнетақысы 2025 жылы 171 588 теңге болса, 2026 жылдан бастап ол 192 816 теңгеге дейін көтеріледі