Тоқаев медицина қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады
ҚР Президенті Қасым жомарт Тоқаев дәрігерлер мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне мәлімдеме жасап, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Құрметті дәрігерлер, медицина қызметкерлері!
Баршаңызды Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын! Сіздер адамгершілік пен ізгілік мұраттарына қалтқысыз қызмет етіп келесіздер.
Қоғамымыз дәрігер парызының ерекше мән-маңызына күн өткен сайын көз жеткізуде. Көптеген дарынды жастар осы мамандықты игеруге ұмтылып жатыр”, – деді мемлекет басшысы.
- "Кез келген алауыздық Ресейдің өзіне зиян әкеледі": Тоқаев Қазақстанға көп сын айтатын ресейлік "қайраткерлерге" қарсы жауап берді
- Тоқаев Путиннің жанында отырып, Луганск пен Донецк тәуелсіздігін мойындамайтынын айтты
Тоқаев мемлекет медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, денсаулық сақтау саласын дамытуға баса назар аударатынына уәде берді.
“Ұлт саулығы – Жаңа Әділетті Қазақстанды құру жолындағы мемлекеттік саясатымыздың аса маңызды бағыты.
Сіздерге ерен еңбектеріңіз, Гиппократ антына адалдықтарыңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін.
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!”, – деді президент.
Талқылау
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді
Қыстағы лас ауа деңгейі айына 70 темекі түтінін жұтқанмен тең
Бір айда самокат айдаған 6,5 мың адамға айыппұл салынған: Қазақстандық кикшеринг иелері тәртіп бұзғандарды қалай жазалайды?
Самокатты жоғалтса, 195 000 мен 840 000 теңге аралығында айыппұл салынады