Тоқаев Костенко шахтасындағы апаттан кейін Қарағанды облысына келді
Қасым-Жомарт Тоқаев Костенко атындағы шахтадағы апаттан кейін Қарағанды облысына келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орын алған жерге келді”, – делінген Ақорда мәлімдемесінде.
Соңғы мәліметтерге сәйкес шахтада әлі 25 кенші табылмады. Сондай-ақ “АрселорМиттал Теміртау” АҚ зардап шеккендерге толыққанды көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Еске салайық, Костенко атындағы шахтада жарылыстан көз жұмғандар саны 21 адамға жетті. Апаттан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке "АрселорМитталТеміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырған еді.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты