Тоқаев коронавируспен күресудің жаңа шараларын ұсынады
Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы шаралар туралы кеңес өткізеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Ертең, 29 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы тұру шаралары бойынша жиналыс өткізеді. Мемлекет басшысы қазіргі жағдайды бағалайды және халықтың денсаулығын қорғауды жақсартуға бағытталған бірқатар шараларды жариялайды деп күтілуде. Сондай-ақ экономиканы қолдау және халықты әлеуметтік қорғау мәселелерін қарастыру жоспарлануда», - деді Берік Уәли Facebook парақшасында.
Отырысқа үкімет мүшелері, бірнеше басқарма басшылары мен облыс әкімдері қатысады.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”