Тоқаев коммуналдық төлемдердің бағасын төмендету туралы тапсырмасын еске салды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коммуналдық төлемдердің бағасын түсіру туралы терген тапсырмасын еске салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мен бұған дейін карантин жарияланған қалаларда коммуналдық төлемдердің бағасын төмендетуді тапсырған едім. Бірақ менің білуімше, қазір мұндай шешім орындалып жатқан жоқ", - деді Тоқаев.
Сонымен қатар президент басқа да маңызды мәселелерге тоқталды.
"Төтенше жағдай кезіндегі ең маңызды міндеттердің бірі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің шекті бағасы белгіленді. Қазір көктемгі егіс науқаны басталды. Бұл – өте маңызды жұмыс. Сондықтан, үкімет және әкімдіктер осы жұмысты ерекше назарда ұстауы қажет", -деп қосты ол.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда