Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Той жасауды қою керек

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазір той тойлайтын уақыт емес екенін айтты, деп хабарлайды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ана тілі газетіне сілтеме жасап.

«Қазір «Тойың тойға ұлассын» деп әндетіп, той тойлап жүретін уақыт емес. Бүгінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек. Тіпті осындай қауіпті пандемия кезінде кейбір азаматтарымыз маған хат жазып, той өткізуге мүмкіндік беру керек деп талап қояды. Мемлекеттің өзі өлермендікпен өмір сүретін кезге келдік. Сондықтан еңбек ету – өмір сүру салтына айналып, басты міндет саналуға тиіс. Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі», - деді ол.

Газетке берген сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев әлемде болып жатқан өзгерістерді алдын-ала болжағанын айтты.

«Мемлекеттер оқшаулануға ерекше назар аудара бастады, олар әркім өздігінен өмір сүреді деген қағидаты бойынша өмір сүреді. Халықаралық қатынастарда ұлттандыру үрдісі байқалады», - деді ол.

Талқылау