Тоқаев Қазақстанда мигранттарға төленетін жәрдемақыны арттыруды ұсынды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы мигранттарға жасалатын жағдайлар туралы айтты, деп хабарлайды.

«Қоныс аудару мәселелерін жеңілдету керек. Мемлекет мигранттарға барынша қолайлы жағдай жасауы керек. Мен жақында Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болдым. Аймақта демографиялық өсу қарқыны ең төмен, бірақ өңірге мигранттарды тарту бойынша жақсы нәтижелер бар», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қосымша ынталандыру шарасы ретінде ол мигранттарға берілетін жәрдемақылар мөлшерін екі есеге көбейтуді ұсынды. Жәрдемақыны 35 АЕК-тен 70 АЕК-ке дейін (97 230 теңгеден 194 460 теңгеге дейін) көбейту керек екенін айтты.
Үкіметке бұл мәселені бір ай ішінде қарап, содан кейін тиісті шешім қабылдауды тапсырды.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі