Тоқаев: Қазақстанда коронавирустың мутацияға ұшыраған барлық штаммдары расталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте мутацияланған коронавирус штаммдары туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы вирустың жаңа штамдары өте үлкен қауіп төндіріп тұрғанын жеткізіп, халықты сақ болуға шақырды. Шетелден келген жолаушылар елдегі эпидемиологиялық ахуалға әсер еткенін жеткізді ол.
"Ақпаннан бастап ПТР тестілеу нәтижелері жоқ әуе жолаушыларының саны екі есеге өсті. Егер 2020 жылдың қараша айында ПТР сертификатсыз Қазақстанға келетіндердің үлесі 7,3% болса, қазір ол 27% құрайды! Нәтижесінде, елде коронавирустың мутацияға ұшыраған барлық штаммдары расталды. Инфекцияның өсуі ауыр және өте ауыр жағдайдағы науқастардың көбеюімен, сондай-ақ өлімнің артуымен қатар жүреді", - дейді Тоқаев.
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады
Жоба әуелі үш өңірде сынақтан өткізіліп, кейін 16 өңірге енгізілмек
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған