Бекшин коронавирустың "алматылық" штаммы туралы сөз қозғады
Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың "алматылық" штаммының пайда болуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Қазақстан аграрлық университетінің Халықаралық вакцинология орталығының зерттеушілері коронавирустың 12 үлгісін тексерген соң, күтпеген жерден қазақстандық штаммын анықтаған еді. Оған уақытша "алматылық" деген атау берілді.
Дегенмен Бекшиннің айтуынша, жаңа штамм туралы ресми ақпарат жоқ.
"Ұлыбританиялық және оңтүстікафрикалық штамға қатысты зертханалардан ресми жауап алдық. Ал "алматылық штамға" қатысты ресми мәлімет жоқ. Әрине, БАҚ-та әртүрлі нәрсе жазылады. Оны тексеріп алу қажет, қолда ресми мәлімет болуы керек қой. Біз ресми орган ретінде тек ресми мәліметке сүйене аламыз", - деді Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері.
Астанада үш бала ұйықтап жатқан пәтерге жалаңаш ер адам кіріп кеткен: Полиция тергеу жүргізіп жатыр
Балалардың әкесі өзін қорғауға мәжбүр болған
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады
Жоба әуелі үш өңірде сынақтан өткізіліп, кейін 16 өңірге енгізілмек
