Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев қаза тапқан қорықшының марапатталатынын айтты

Мемлекет басшысы қаза тапқан қорықшының туысқандарына көңіл айтып, марқұмды марапаттайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев Азия өңірінде қатер төніп келе жатқанын мәлімдеді
23 шілдеде ақбөкенді атқан браконьерлердің соңына түсіп, оларды заң жүзінде жазаға тартуға тырысқан қорықшы қаза тапты. Ал оның әріптесі ауыр хәлде ауруханаға түсті . Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дүниеден озған қорықшының жанұясына көңіл айтып, киіктерді атқаны үшін берілетін жазаны күшейту керектігін ескерді. 

"Браконьерлермен алпарыста ерлікпен қаза болған қорықшы Қаныш Нұртазиновтың жақындарына шынайы көңіл айтамын. Қаскөйлер ұсталып, сотқа тартылады. Киіктерді атқаны үшін жазаны күшейту қажет. Қаза тапқан Қ.Нұртазинов марапатталатын болады. Егерь С.Оспановтың сауығып кетуін тілеймін", — деп жазды мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында. 

Қазақстанда броконьерлер мен инспекторлардың қақтығысы екінші рет кісі өліміне әкеліп отыр.

Талқылау