Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев ішкі істер министрі орынбасары мен президент іс басқарушысы орынбасарын лауазымдарынан босатты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Сүнтаевты ішкі істер вице-министрі қызметінен, ал Ерлан Оразбайды президент іс басқарушысы орынбасары қызметінен босатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорда таратқан ақпаратқа сүйеніп хабарлайды.

Сунтаев и Оразбай

“Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Иматұлы Сүнтаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды”, – делінген бейсенбіде тараған ақпаратта.

Сүнтаев 2020 жылдың наурыз айынан бері вице-министр қызметін атқарды.



“Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Сапарұлы Оразбай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды”, – деп қосты Ақорда.

Оразбай бұл қызметті 2019 жылдың желтоқсан айынан бері атқарды.

Талқылау