Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда ер адам кәуәп сүйегіне қақалып, әріптестерінің көз алдында мерт болды

кәуап
Фото: freepik.com

Маңғыстау облысында әріптестерімен көкке шыққан ер адам аяқ астынан болған оқыс жағдайдан қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қайғылы жағдай 10 мамыр күні болған. Мәліметке сәйкес, Ақтау қаласындағы мектептердің бірінің қызметкерлері Маңғыстау ауданындағы Жармыш ауылы маңында орналасқан Аралбай сарқырамасына демалуға барған.

Дастарқан басында 56 жастағы ер адам кәуәптің сүйегіне қақалып қалған. Өкінішке қарай, оған көмектесу мүмкін болмаған. Ол оқиға орнында көз жұмған.

Ақпаратты Маңғыстау облыстық полиция департаменті растады. Ведомствоның мәліметінше, аталған факті бойынша тексеру басталған.

Қазір тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Құқық қорғау органдары азаматтарды табиғат аясында демалу кезінде барынша сақ болуға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда айыппұлға ілінбей қай жерлерде кәуәп пісіруге болатыны туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Сейсенбі, 12 Мамыр, 2026 17:37