Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қазақстанда жасалған”: Маркетплейстер отандық тауарларға басымдық беруге міндеттеледі

Сөрелерде қазақстанда жасалған жазуы
Фото: ЖИ

Сауда және интеграция министрлігі отандық тауарларды офлайн-бөлшек саудада да, электронды коммерцияда да ілгерілету талаптарын күшейтіп жатыр. Енді "Қазақстанда жасалған" таңбасына қойылатын талаптар енді тек сауда желілеріне ғана емес, онлайн-платформаларға да қолданылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Маркетплейстер үшін қазақстандық өнімдерді іздеу нәтижелерінде басым көрсету және "Қазақстанда жасалған" арнайы бөлімдерін құруға міндеттеледі. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сауда нысандарында қазақстандық тауарлардың үлесі кемінде 30 пайыз болуы тиіс.

Бұдан бөлек, "Даму" қорының қолдау бағдарламалары аясында сөре кеңістігінің тағы 20 пайызына дейін отандық өнімге бөлінуі мүмкін. Осылайша, қазақстандық тауарлар дүкен ассортиментінің жартысына дейін қамтуға мүмкіндік алады.

"Сонымен қатар, тұтынушының отандық өнімді көруі де маңызды. Сондықтан заңнама тек сандық көрсеткіштерге ғана емес, тауарды орналастыру сапасына да талап қояды. Отандық өндірушілердің өнімі сатып алушының көз деңгейінде, қолжетімді жерде орналасуы тиіс. Бұл — "алтын сөре". Сатып алушы ең алдымен дәл осы сөредегі тауарға назар аударады. Қазақстандық өндіруші мұндай орынға лайық деп есептеймін", – деді Айжан Бижанова.

Жасалған эксперименттер сөреге назар аударту отандық ірімшік сатылымының 20 пайызға артқанын көрсеткен. Салыстырмалы түрде алғанда, әлемдік тәжірибеде мұндай мінез-құлықтық құралдардың орташа әсері шамамен 8 пайызды құрайды.

Министрлік талаптардың сақталуына бақылауды да күшейтпек. Заңнама талаптарының бұзылуы туралы шағымдар жоспардан тыс тексерулер жүргізуге негіз бола алады. Отандық тауарлардың сауда желілеріне қолжетімділігін шектеу, нұсқамаларды орындамау және жеткізушілермен жұмыс талаптарын бұзу фактілері үшін айыппұл қарастырылған.

Сонымен қатар, сауда және интеграция министрлігі жаңа заңнамалық өзгерістер әзірлеп жатыр. Атап айтқанда, "өнімсіз делдал" ұғымын енгізу, сауда кедергілеріне бақылауды күшейту және бос сауда орындары болған жағдайда отандық өндірушілерге сауда алаңдарына қолжетімділік беруді міндеттеу жоспарланған.

Еске салсақ, Қазақстанда шетелдік маркетплейстерден тапсырыс берудің жаңа ережелері енгізілетінін жазғанбыз.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 12 Мамыр, 2026 19:48