Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қошанов ескі мен жаңа Қазақстанның текетіресі туралы айтты

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде ешбір мемлекеттік істерге араласпайды. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов осылай деп мәлімдеді.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Назарбаев

Мәжіліс кулуарында Ерлан Қошанов журналистердің сұрағына жауап берді. 

“Сіздер құрып жатқан жаңа Қазақстан мен ескі Қазақстан арасында текетірес жүріп жатыр деген қоғамда пікір бар. Себебі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Астана клубы жиынын өткізді, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Халықтың алаңдауына негіз бар ма?” – деп сұрады БАҚ өкілі мәжіліс төрағасынан.

Қошанов халықтың алаңдауына еш негіз жоқ екенін айтты. 

“Сіздің және халықтың (журналистке) алаңдауына негіз жоқ. Бүгінде қос билік жоқ. Ол болуы мүмкін де емес. Бүгінде барлық шешімді халық сайлаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап отыр. Сіздің сұраңызға тоқталайын. Экс-президент бүгінде мемлекеттік істерге араласпайды. Екіншіден, жаңағы кездесулері, өткізіп жатқан іс-шаралары, жол сапарлары – оның барлығы жеке азамат ретінде өзінің құқығын пайдаланып жатыр”, – деп жауап берді мәжіліс спикері.  

Талқылау