Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық актер "продюсер көкесін" зорлық жасады деп айыптады: "Балапан" телеарнасы жігіттің видеосына пікір білдірді

Нұрғали Нұғман зорлық туралы
Фото: Видеодан скриншот

Желіде Нұрғали Нұрман есімді азамат бала кезінде Balapan телеарнасының продюсері тарапынан зорлық көргенін мәлімдеді. Оның айтуынша, әлгі адам оны телевизиялық жобаларға түсірген. Осы жағдайға байланысты телеарна ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Balapan телеарнаның мәліметінше, 2010 жылғы 27 қыркүйекте ашылған телеарнаның штатында ер адам “продюсер” қызметін атқармаған.

“Кейін желі қолданушысы өз мәлімдемесінде айтылған жайттардың “Balapan” телеарнасында емес, коммерциялық жобаға қатысты болғанын нақтылап, жаңа бейнежазба жариялады және арна ұжымынан кешірім сұрады”, – делінген жазбада.

Телеарна өкілдері азаматтарды тек ресми әрі тексерілген ақпаратқа сүйенуге шақырды.

Balapan телеарнасы штаттық құрылымында айтылып отырған ер адам продюсер болып ешқашан жұмыс істемегенін хабарлады.

Полиция не дейді?

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде жарияланған, кәмелетке толмаған адамға қатысты күш қолданылуы мүмкін екені айтылған видео бойынша материал белгіленген тәртіппен тіркелгенін хабарлады.

Қазір процестік тексеру басталған.

“Жазбада айтылған барлық мән-жайды, сондай-ақ оқиғаға қатысы болуы мүмкін адамдар мен куәгерлерді анықтауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық болуы мүмкін деген кез келген хабарламаға міндетті түрде құқықтық баға беріледі және ерекше бақылауда болады. Аталған деректер расталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Полиция тексерістің жан-жақты, толық әрі объективті жүргізілуін қамтамасыз етеді”, – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Мән-жайы

Қазақстандық актер Нұрғали Нұғман мәлімдеме жасады. Актердың айтуынша, ол балалар арнасында продюсер болып жұмыс істеген сол туысының көмегімен кино мен сериалдарға түсе бастаған. Бір түсірілім күнінен кейін әлгі ер адам актерды кабинетінде алып қалып, сексуалдық сипаттағы зорлық көрсеткен.

"Мен ол кезде кішкентай бала болдым. Қорыққаным соншалық, не істерімді де білмедім. Ол істейтінін істеп болған соң “Егер біреуге айтсаң, енді кино мен сериалдарға түсе алмайсың” деп қорқытты. Осылайша бұл біздің құпиямыз болып қалды", – дейді ол.

Актердің сөзінше, бұл жағдай оған ауыр психологиялық соққы болып, тіпті суицид жасауға дейін жеткізген. Алайда қазір ол осы оқиға туралы ашық айтуға шешім қабылдаған.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 12 Мамыр, 2026 20:11