Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Forbes тізіміне кіретін ірі кәсіпкерлер әр облысқа бекітіліп, көмек көрсететінін айтты

Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары барысында су тасқыны салдарын еңсеруге көмектескен бизнес өкілдерімен және еріктілермен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен халыққа нақты көмек көрсетуде бизнесмендердің рөлі зор екеніне айрықша назар аударды.

Президент Forbes тізіміне кіретін қазақстандық ірі кәсіпкерлер әр облысқа бекітіліп, көмек көрсететінін айтты.

“Біздің елімізде Forbes тізіміне кіретін ірі кәсіпкерлер бар. Олармен арнайы кездесеміз. Олар әр облысқа, ауданға, елді мекенге бекітіледі және нақты жауапкершілік жүктеледі. Бұл бір жағынан кәсіпкерлердің мүддесіне сай келеді. Өйткені олар өздерінің қосқан үлесінің нақты нәтижесін көреді. Халқына қайырымдылық жасаған азамат ретінде сіздердің де есімдеріңіз мемлекет тарапынан елеусіз қалмайды деп ойлаймын”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар президент еріктілерге зор құрметпен қарайтынын және жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтіп, оларға ризашылық білдірді. 

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Қостанай облысына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездескені туралы жазған едік. 

Талқылау