Тоқаев денсаулық туралы кодексті бекітті
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген жаңа кодекс ұлт денсаулығын нығайтуға, халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыруға, мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.
Жоба қоғамдық денсаулықты сақтауды күшейтуді, медициналық технологияларды дамытуды, медициналық қызмет көрсету, көмек көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы бақылауды жетілдіруді, медицина қызметкерінің мәртебесін арттыруды көздейді.
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн
IT мамандығын бітіріп, аяқкиім тазалаумен айналысады: 23 жастағы қазақстандық айына миллиондарды қалай тауып жүр
IT мамандығын меңгерген жас кәсіпкер аяқкиім тазалаудан бизнес құрды