Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлер мен полиция қызметкерлеріне тағайындалатын сыйақы жөнінде айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавируспен күресуге атсалысқандарға сыйақы төлеуді тапсырды. Бұл туралы президент төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Үкіметке және әкімдіктерге қосымша қаражат тауып, дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне және коронавируспен күреске ат салысып жүрген басқа мамандарға 1 лауазымдық жалақы көлемінде сыйақы төленуін қамтамасыз етуді тапсырамын", - деді президент.
Тағы оқыңыз
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?