Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Біз түпкілікті суперпрезиденттік басқару формасынан бас тартамыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның суперпрезиденттік басқару формасынан түбегейлі бас тартатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысы Amanat партиясының кезектен тыс съезі барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар елдің саяси сәулетін кешенді түрде қайта форматтауға, билік тармақтары арасында тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. 

"Біз түпкілікті суперпрезиденттік басқару формасынан бас тартатын боламыз. Оның орнына парламенттің, мәслихаттың өкілеттіктерін күшейтеміз. Басымдықтардың бірі – партиялық-саяси саланы жаңғырту. Партиялық және сайлау заңнамасын либерализациялау биліктің барлық деңгейінде қабылданатын шешімдердегі қоғам рөлін күшейтеді", – деді Тоқаев.

Сондай-ақ президенттің пікірінше, сайлаушылардың дауысы үшін бәсеке күшейе түседі.

“Саяси процестің динамикасы мен мазмұны өзгеретіні сөзсіз. Осыны ескере отырып, елде жаңа партиялар пайда болады, ал бұрыннан бар партиялар өз қызметін азаматтардың өзекті үрдістері мен талаптарына сәйкес қайта қарап, қайта құра бастайды. Біз жалпы партиялық сала қозғалысқа келе жатқанын көріп отырмыз. Басталған өзгерістердің айқын көрсеткіші ретінде Adal партиясының Amanat партиясымен бірігуі туралы бастамасын айтуға болады", – деді Мемлекет басшысы.

Талқылау