Тоқаев бірқатар шымкенттіктерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар азаматтарды сіңірген еңбегі үшін марапаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №1023 Жарлығымен аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:
"Парасат" орденімен Шымкент келбеті" – "Панорама Шымкента" газетінің бас редакторы Бақтияр Байдуллаұлы Тайжанов;
"Құрмет" орденімен Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ә.Марғұлан атындағы археология институты" РМК бас директоры Бауыржан Әбішұлы Байтанаев;
"Құрмет" орденімен Шымкент қаласы "№2 қалалық аурухана" МКК дәрігері Есенгелді Ибрагимұлы Бегешев;
"Ерен еңбегі үшін" медалімен "Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі" КММ спортшысы Ксения Александровна Хан;
"Шапағат" медалімен Шымкент қаласы "№ 89 IT мектеп-лицей" КММ тәрбиешісі Әсем Мұхтарқызы Үсенова наградталды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"