Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев білім министріне 2021 жылдан бастап ұстаздардың жалақысын көтеруді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аймағамбетов

Асхат Аймағамбетов Қасым-Жомарт Тоқаевқа білім және ғылым министрлігінің жаңа оқу жылына дайындығы және бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы жайында есеп берді.

Мемлекет басшысы Білім және ғылым министріне педагогтердің мәртебесін көтеру жөніндегі жұмысты жалғастыруды, ұстаздарды негізгі қызметінен бөлек жұмысқа жұмылдырмауды және 2021 жылғы қаңтар айына жоспарланған мұғалімдердің жалақысын 25%-ға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Президент жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастырудың маңызды екенін ескертті. Әсіресе қашықтан оқыту кезінде әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету қажеттігіне баса назар аударды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін одан әрі кеңейту, жоғары білімнің сапасын арттыру және ЖОО-дағы ғылымды дамыту туралы тапсырма берді.


Талқылау