Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Барпибаевты Нұр-Сұлтан сотының басшысы қызметінен босатты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тілектес Барпибаевты Нұр-Сұлтан сотының төрағасы қызметінен босатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына, 6-бабының 1-тармағына, 31-бабының 2, 8-тармақтарына, сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциясының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 113 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы , "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 34-бабының 1-тармағының , 34-бабының 4, 5-тармақтары бойынша Нұр-Сұлтан қаласының сот төрағасы Барпибаев Тілектес Ешеұлын қызметінен кетуіне байланысты қызметінен босату туралы шешім қабылдаймын, - делінген қаулыда.

Айта кету керек, Барпибаев елде коронавирус жұқтырған алғашқылардың бірі болған. Ол вирусты Германияда жұқтырғаны белгілі болды. Барпібаев қазақстандық миллиардерлердің бірінің жеке ұшағымен Германияға барған.

Талқылау