Тоқаев Атырау облысында тасқын кезінде қапқа топырақ толтыруға көмектескен әжеге алғыс айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысқан ел азаматтарын марапаттау рәсімі кезінде Атырау тұрғындарына алғысын білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото желі кадрларынан
Мемлекет басшысы Атырау облысының тұрғындары 90 жастағы Орынша Тоқтыбаққызы мен Әлия Досмұханованың қосқан үлесін атап өтті.
Бұған дейін желіде сәуір айында Атырау облысындағы кейуананың видеосы тарап, жұртшылықты сүйсіндірген еді.
Мұнда Бейбарыс ауылындағы тыл еңбеккері Орынша Тоқтыбаққызы жергілікті мектеп қызметкерлері мен еріктілерге топырақ толтыру үшін қаптарын ашып көмектескені көрсетілген.
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды
Қазақстанда ата-аналар Мұғалімдер күніне сыйлық алуға ақша жинап жатыр: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Ведомство әр адамға өз ұстазына алғыс айтып, видеомен құттықтауды ұсынды