Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Пәтерде орын жоқ": Қостанайда су тасқынынан кейін құтқарылған жануарлардан иелері бас тартып жатыр

Қостанайда су тасқыны кезінде құтқарылған үй жануарларын иелері өздеріне қайтарып алудан бас тартып жатыр. Салдарынан жануарлар паналайтын мекеме толып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арна “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото сюжет кадрларынан 

Қостанайлық еріктілер өз өмірін қатерге тігіп, су тасқыны кезінде жануардың барлығын құтқаруға тырысқан. Алайда қазір олар ешкімге керек болмай қалды. Себебі жұрт “пәтерде жануарларға орын жоқ” екенін айтып, олардан бас тартып жатыр.

“Біз хабарласқан иелері жаңа пәтерге көшкенімен жануарларды өздеріне ала алмайтындарын айтып түсіндірді. Негізінен қазір 14-15 жастағы қарт иттер көп. Оларға енді қамқор болар адам табуға мүмкіндік жоқ. Сондықтан қалған уақытында осында өмір сүреді. Мысықтардың да жағдайы қиын. Мысықтарды мүлдем ешкім алғысы келмейді”, – деді зоотехник Ольга Соловьева.

Студент Дильназ Амантай бұл жануарларға көмек ретінде мата қалдығынан төсектер дайындаған.

Мамандар иттердің су тасқыны кезінде күйзелістен туғанын жеткізді. Қазір елуден астам күшік бар. 



“Бізде үш стерильді хаски, бульдогтар, неміс овчаркалары, алабайлар бар. Олардың барлығын тегін алуға болады. Біз өз кезегінде олар есейген бойда зарарсыздандыруға уәде береміз”, – деді зоотехник Ольга Соловьева.

Су тасқынынан кейін жергілікті билік еріктілерге жануарларды құтқаруға көмектескені үшін алғыс айтты. Бірақ су кеткеннен кейін шенеуніктер уәделерін ұмытып кеткен.

Еске салайық, бұған дейін Алматылық ерікті ит-мысыққа көмектесу үшін cу басқан өңірлерге ұшып барғанын жазған едік.

Талқылау