Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күшікті қоршаудан лақтырған: Атырау тұрғыны әрекетін түсіндірді

Атыраулық ер адамның күшікті қоршаудан лақтырған видеосы желіде тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынды

Қатты соққыдан күшік орнынан тұра алмай қалған. Оқиға балабақшаның ауласында болған. Ер адамның жанында кішкентай баласы да бар.

Полицейлер 30 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Оның үстінен жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін қылмыстық іс қозғалды.


Маңғыстауда қоқыста жатқан 50-ге жуық иттің өлексесіне тұрғындар шағымданды (видео)


Ер адам оқиғаны түсіндіріп видео түсірді. Оның сөзінше, күшік балаға шабуылдаған.

“Кіші баламмен көлікте отырғанмын. Әйелім балабақшаға қызымды алып кіріп кетті. Біраз уақыттан кейін қызымның шыңғырған дауысы шықты. Күшік қызымның балағына жармасып алыпты. Жүгіріп барып күшікті жұлып алдым да, қоршауға қарай лақтырдым. Менде қызымды жануардан қорғау және басқа балаларға да иттің зияны тимесін деген ой болды. Кез келген ата-ана баласына ит шабуыл жасап жатса, қол қусырып отырмайды деп ойлаймын. Барлығын көрген куәгерлер бар", – деп түйіндеді ер адам.

Еске салсақ, Ақмола облысында депутат тұрғындардың көзінше итті көлігімен басып өткені айтылды. Қайрат Ауғалиевке 18 мың теңге айыппұл салынған екен.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Юлия (@leyla_lyailya)

Талқылау