Тоқаев АҚШ елшісін қабылдады
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы АҚШ елшісі Джули Стаффтты қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тоқаев Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
“Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты одан әрі нығайтудың, сондай-ақ жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді сапалы іске асырудың маңызына назар аударды. Елші президент Дональд Трамптың ризашылығы мен ізгі тілегін жеткізіп, Құрама Штаттардың Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға бейіл екенін айтты”, – делінген хабарламада.
Тоқаев Трамптың Гренландияны әскери жолмен басып алу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді
2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
Сондай-ақ АҚШ елшісі Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларға оң баға беріп, жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыхалықтық референдумның табысты өтуіне тілектестігін білдірген.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдумды 2026 жылдың 15 наурызында өткiзу туралы жарлыққа қол қойған еді.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"