"Тоқ соққан": Жаңаөзенде жұмысшы электр бағанасының басында көз жұмды
Жаңаөзенде электр энергиясымен жабдықтаушы мекеменің қызметкері электр бағанасында қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 11:45 шамасында болған.
"Жаңаөзен қаласы Рахат-3 ықшамауданы, 24-көше, 119-үйдің жанындағы жоғары вольтты электр бағанасында адам тұрғаны туралы диспечерлік жедел жәрдемге ақпарат түсті. Жоғары вольтті (380 В) электр бағанасында жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында белгісіз себептермен "Өзенэнергосервис" МКҚК-нің 1992 жылғы қызметкері ток соғып, сол жерде қайтыс болғаны анықталды", - делінген хабарламада.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салат, түрлі ассорти, стейк, жеміс пен десерт қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар