Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоғыз жасар блогер кедейлердің өміріне күлемін деп, анасын жұмысынан айырды (видео)

Желіде Lil Tay Анджела Тянь лақап атымен тіркелген канадалық 9 жасар блогердің анасы қызының арандатушылық видеосының кесірінен жоғары жалақы алатын жұмысынан қуылды.

Тоғыз жасар блогер кедейлердің өміріне күлемін деп, анасын жұмысынан айырды

Бұл туралы Vice хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Тоғыз жасар қыздың инстаграм парақшасына 1.7 миллионнан астам оқырман тіркелген. Ол өзі түсірген роликтерінде өзінен кедей тұратын адамдарды күлкі еткен. Блогер үнемі өзіне қызғаныш білдірген адамдарды балағаттап, ақшаны оңды-солды шашқан. Сондай-ақ, ол парақшасына тіркелген оқырмандарды ешқашан өзінікі секілді қымбат заттар мен автокөліктерге қол жеткізе алмайды деп төмендеткен.

Жас блогер түсірген кейбір видеоларға Ванкувердегі Pacific West Realty жылжымайтын мүлік агенттігінде риэлтор ретінде алты айға жуық жұмыс істеген қыздың анасы түсіп қалған.

Дегенмен, қызының адам шошырлық сөздері оның мансабына кері әсерін тигізді. Кішкентай қыздың видеосын көрген агенттік басшылығы оның анасын жұмыстан шығарып жіберген.

«Өткен аптада осы әрекет жайлы білгеннен кейін, оны жұмыстан шығаруға мәжбүр болдық. Бұл видео  кейіпкерлерінің әрекеті жылжымайтын мүлік саласы үшін өрескел»,- деп түсіндірді Pacific Place Group компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Джим Лью.

Тағы оқыңыз:

«Алыстағы қытайлық досыма»: 60 жыл бұрын Назарбаевпен хат арқылы дос болған қытай азаматының отбасы табылды (видео)

Суретші өз қаласының көшелерін мультфильм кейіпкерлерімен жандандырды (фото)

Қолы жоқ жігіт тағдырға қарсы тұрып, атақты суретші болды (фото, видео)

Рим папасының ламборджиниі аукционда 715 мың еуроға сатылды

Талқылау