Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рим папасының ламборджиниі аукционда 715 мың еуроға сатылды

Рим папасы Франсисконың Lamborghini Huracan ақ суперкарасы Монакодағы Sotheby’s аукцион үйінде сатылды.

Рим папаның ламборджиниі аукционда 715 мың еуроға сатылды

Бұл туралы El Espectador басылымы жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Рим папасының қолтаңбасы бар автокөлік 715 мың еуроға сатылды. Бұл осындай автокөліктің нарықтық құнынан төрт есе жоғары. Сатылымнан түскен қаражат қайырымдылыққа беріледі екен. Сондай-ақ, түскен қаражаттан Игилдің әрекеттеріне байланысты үйлерін тастап кеткен христиан босқындардың Иракқа қайтарылуына көмектесу үшін де жұмсалады.

Алтын сызықты ақ түсті көлікті Рим папасына өткен жылдың қараша айында итальяндық автоөндірушінің басшылығымен кездесу кезінде сыйланған болатын. Көлікті аукционда сату туралы шешім сол кезде қабылданған.

Тағы оқыңыз:

Дәурен Елеусінов АҚШ-та өткен жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа құлатты

Израильдық әнші «Евровидение-2018» байқауының жеңімпазы атанды

Үй қамауына алынған Жомарт Ертаев өзіне қандай қауіп-қатер төніп тұрғанын айтты

Назарбаев 92 жастағы Малайзия Премьер-Министрін жеңісімен құттықтады

Талқылау