Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоғыз елдің президенттері коронавирус пандемиясына байланысты Шнобель сыйлығын алды

Ресей, АҚШ, Беларусь, Бразилия, Ұлыбритания, Үндістан, Мексика, Түркия және Түркіменстанның президенттері коронавирус пандемиясына байланысты Шнобель сыйлығын алды. Марапаттау рәсімі Improbable порталында көрсетілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Пандемияға байланысты 30-шы марапаттау рәсімі АҚШ-та онлайн режимде өтті.

"Әлемдегі пандемия кезінде саясаткерлер өмір мен өлімге ғалымдар мен дәрігерлерге қарағанда көбірек әсер етуі мүмкін екенін үйреткені үшін" елдердің басшыларына "медициналық білім" санатындағы сыйлық берілді.

Ұйымдастырушылар Беларусь президенті Александр Лукашенко Шнобель сыйлығын екінші рет алғанын еске салды. 2013 жылы ол "көпшіліктің қошеметіне тыйым салғаны үшін" наградаға ие болған. 

"Бейбітшілік" санатында сыйлықты Үндістан мен Пәкістан үкіметтері алды. Экономика сыйлығын елдегі байлық пен сүйісу саны арасындағы байланысты анықтауға тырысқан ғалымдарға берілді. Психология саласындағы Шнобель сыйлығы Канада мен АҚШ өкілдеріне "қас формасы мен нарциссизм арасындағы байланысты зерттегені үшін" берілді.

Талқылау