"Тобыл" Конференция лигасының келесі кезеңіне өтті
"Тобыл" еш кедергісіз Конференция лигасының үшінші айналымына шықты. Команда қарымта ойында "Линкольнды" 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Турнирдің екінші айналымы аясында ел чемпионы халқының саны 30 мыңнан әрең асатын Гибралтар аралының "Линкольн Ред Ингс" клубымен кездесті. Апта бұрын Қостанайда Милан Миланович ойыншылары 2:0 есебімен жеңіске жетсе, қонақта 0:1 есебімен басым түсті. Сырт алаңдағы жалғыз голды Зоран Тошич салды.
Үзілістен соң алаң иелері допқа көбірек иелік еткенімен, қазақстандық команда бірден контршабуылға шығып, есепті ашты. Сырт алаңдағы жалғыз голды Зоран Тошич салды.
Осылайша еурокубок жарысын Чемпиондар Лигасынан бастаған "Тобыл" енді Конференция лигасының үшінші кезеңінде "Тирана" (Албания) мен "Зриньски Мостар" (Босния және Герцеговина) клубтарының жеңімпазымен кездеседі.
Қазақстаннан арзан бензин тасып, Қырғызстанда қымбатқа сатады: Шекарада кептеліс мәселесі неге шешілмей тұр
Жанармай тасымалдаушылардың бірі осындай іспен күн көріп отырғанын айтады
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты

