Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қораздардың шайқасын тоқтатпақшы болған полицейді құстардың бірі өлтіріп қойды

Солтүстік Самарда филиппиндік полицейді қораз өлтіріп тастады. Қораздар шайқасын тоқтатпақ болған полицей қансырап көз жұмды.

Филиппиндік полиция лейтенанты Кристин Болоктың аяғын әтештің аяғына байланған өткір темір кесіп кетті. Полицей ауруханаға барар жолда көп қан жоғалтқаны себепті көз жұмды.

Полицей Солтүстік Самар провинциясындағы заңсыз қораз төбелес мекемесіне қарсы рейдке қатысқан. Филиппинде әтештер жекпе-жегі - әйгілі ойын-сауық. Ойынның жанкүйерлері жеңімпаз қоразға бәс тігеді.

Елде әтештер төбелесін лицензияланған мекемелерде жексенбі және мереке күндері ғана өткізуге рұқсат етіледі. Ковид-19 пандемиясы кезінде толығымен тыйым салынған.

Солтүстік Самара полициясының басшысы полковник Арнель Апуд Франс Пресс агенттігіне берген сұхбатында офицерінің өлімін жазатайым оқиға деп атады.   

«Бастапқыда маған хабарлаған кезде мен сенбедім. Полицияда қызмет еткен 25 жылда мұндай оқиғаны алғаш рет естідім», - деді полковник марқұмның отбасына көңіл айта отырып.

Оқиғаға байланысты үш адам қамауға алынды, жеті әтеш және 550 песо (11,4 доллар) қолма-қол тәркіленді. Тағы үш күдікті қашып кетті. Олар қазір іздеуде. 

Полицейді өлтірген әтештің одан арғы тағдыры туралы айтылған жоқ.

Талқылау