Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тізімге Головкин кірді: Әлемдегі ең бай 100 спортшының есімі аталды

Қазақстандық спортшы Головкин әлемдегі ең бай 100 спортшының қатарына енді.

Тізімге Головкин кірді: Әлемдегі ең бай 100 спортшының есімі аталды

Головкин 100 спортшының ішінде бұрынғы КСРО елінің жалғыз өкілі болды.

Forbes мәліметінше, GGG-дің осы жылы алған ақшасының жалпы сомасы 25,5 млн доллар. Оның - 23,5 миллионы канадалық спортшы Стив Роллмен жекпе-жекте алған сыйақысы.

2 миллионы демеушілік келісім-шарт бойынша алғаны. Головкин тізімде 95-болып, бейсбол ойыншысы Джей Ди Мартинес пен Джем Вотто екеуінің арасында тұр. JD Martinez (94, 25.6 миллион) және Джем Вотто (96, 25.4 миллион) арасында орын алды.

Әлемдегі ең бай спортшы қазіргі уақытта Аргентина футболшысы Лионель Месси. Оның табысы 127 миллион доллар. Екінші орында - португалиялық Криштиану Роналду (109 миллион), үшінші орында - бразилиялық Неймар (105 миллион). Төртінші орында Мексика боксшысы, әлем чемпионы Саул «Канело» Альварес. Ол 94 миллион доллар табыс тапқан. 

2019 жылдың қыркүйегінде Головкинмен үшінші кездесу өткізуге келіскен жоқ. 

Швейцариялық теннисші Роджер Федерер 93,4 миллион доллар табыспен 5-орында тұр.

Талқылау