Тізесіне қарақұмық өскен: Өгей әкесінің баласына көрсеткен қорлығы әшкере болды
Ата-анасы баласы сабақтан тым кеш қайтқаны үшін жазалаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам баланы ұрып қана қоймай, оны тамақсыз қалдырған және өгей ұлының тізесіне қарақұмық жармасын қойған. Жас баланы бұлай азаптау жарты сағаттан тоғыз сағатқа дейін созылып отырған.
Бұл ретте баланың туған анасы өзінің ер азаматына кедергі жасамай, оның мұндай "тәрбиелеу" әдістерін дұрыс деп тапқан.
Бала кезекті "тәрбиелеуден" кейін көршілеріне қашып барған. Өгей әкенің қорлығы сол кезде әшкере болған. Көршілері дереу полиция қызметкерлерін шақырған.
Қазір ер адам қамауда, ал баланың анасы — ешқайда кетпеу туралы қолхат жазды. Олар жеті жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Балаға ота жасалды. Хирургқа баланың тізесіне өскен тері мен қарақұмықты алып тастауға тура келді. Қазір баланың жарасы жазылып келе жатыр.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды