"Титан" батискафының сынықтары арасынан адам қалдықтары табылды
“Титаник” кемесіне саяхат жасайтын “Титан” батискафының сынықтары су астынан шығарылды. Мамандардың сөзінше, сынықтардың арасында адам қалдықтары табылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

28 маусымда Батискафтың сынықтарына сараптама жүргізу үшін Канадаға жеткізген.
“АҚШ медицина мамандары оқиға орнында табылған адам қалдықтарына сараптама жүргізеді”, – делінген АҚШ жағалау күзетінің мәліметінде.
Еске салайық, 5 жолаушысы бар батискаф 19 маусымда жоғалып кетті. Бортта миллиардер және зерттеуші Хэмиш Хардинг, OceanGate компаниясының бас директоры, Францияның су асты кемелерінің бұрынғы жетекшісі Поль-Анри Наржеоле, Пәкістанның бай азаматтарының бірі Шахзада Давуд пен ұлы Сүлеймен болған.
Ал 22 маусымда батискафта оттегі таусылғаны туралы ақпарат жарияланды. Кейін іздеу аймағында батискафтың сынықтары табылып, АҚШ жағалау күзеті су асты аппаратында ішке бағытталған жарылыс болғанын хабарлады.
Алматыдағы танымал демалыс орнында адамдар нәжіс аралас бассейнге түскен: Мұның денсаулыққа қандай қаупі бар?
Желі қолданушысы мұндай жағдайда бассейн жұмысын уақытша тоқтатып, санитарлық өңдеу жүргізілуі керек деп есептейтінін жеткізді
Әйелін электр сымымен қылқындырып өлтірмек болған қазақстандық жеңіл жазамен құтылды
Сот: "Жәбірленушінің мойнындағы сырылған жарақаттар денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соқпаған дене жарақаттары ретінде бағаланды"