Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тісін емдетуге келген 2 жасар бүлдіршін 8 ай комаға түсіп қалса да, қылмыстық іс қозғалмаған

Сегіз айдан бері ес-түзсіз жатқан елордалық 2 жасар сәбидің дертіне енді пневмония қосылды. Тісін емдетуге барған Алисаға қате ем жасалып, өткен жылдың желтоқсан айында комаға түскен еді. Сәбидің жағдайы сол қалпы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеп хабарлайды. 

тіс

Тыныс алуы қиындаған соң, жасанды желдету аппаратына қосылқан. Салдарынан өкпесі қабынған. Дәрігерлер баланы жағдайы ауыр дейді. Ал осы оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық іс бір орында тұралап қалыпты. Бүлдіршіннің анасы арада 8 ай уақыт өтсе де ешкімнің жазаланбағанына налып отыр. 

"Қазіргі таңда керекті сот-медициналық сараптама тағайындалған. 5 маман қорытындыларын дайындап болғаннан кейін соттың сараптамасы шығады. Сот-медициналық сараптама тағайындалмай тұрып, алдын ала тергеу аяқталмайды. 01:23 Мынау сот-медициналық сараптаманың күрделілігімен сипатталады", - дейді қалалық ПД тергеу басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Артықов. 

Яғни, күрмеуі көп істің жай жапсары әлі де толық ашылған жоқ. Тіпті, сотқа да жетпеді. Тиісінше, кінәлілер 8 айдан бері бостандықта жүр. Клиниканың атын өзгертіп қойып, қамнен қаперсіз қызметтерін жалғастырып жатқан көрінеді. Қайғыдан қан жұтып отырған бұлдіршіннің анасы Анастасия Зеленая қылмыстық істің бірнеше айдан бері тұралап тұрғанына налиды.  

"Біреуі елордада, екіншісі Атырауда. Сол адамдардың иелігіндегі тіс емханасы. Менің қызым солардың кесірінен комада жатыр! 8 ай өтсе де қылмыстық, не материалдық жауапкершілікке тартылған жоқ. Бұл адамдар балаға көмектесуге уәде берген, кейін сөздерінен тайқып кетті. Күте тұруымды сұрауда. Барлығы шешілді, қорқатын ештеңе жоқ дегеннен басқа, дым демейді", - дейді қыздың анасы. 

"Анестезиология, реанимотология балалар профилі бойынша қызмет тоқтатылды. Тексеру қорытындысы бойынша, анестезиолог дәрігеріне және клиниканың басшылығына әкімшілік кодексі бойынша, хаттамалар толтырылды", - дейді Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Дархан Тұрлыбеков. 

Алиса қазір білікті мамандардың бақылауында. Өкінішстісі, оң нәтиже байқалмайды.

"Бүгінгі күнде баланың жалпы жағдайы өте ауыр. Оттегі жетіспеушілігінен бас миы зақымдалуына және өкпенің жасанды желдетуінен пайда болған пневмонияға байланысты. Қарқынды ем жүргізілгеніне қарамастан балада оң нәтиже байқалмайды", - дейді №2 көпбейінді балалар ауруханасының медициналық бөлім бойынша директор орынбасары Әлімжан Кәлімқұлов. 

Істің не себепті 8 ай бойы созылғанына әділет департаменті ауызша жауап қатты. Сөздерінше, сот-медициналық сараптамасы тек маусым айында тағайындалған. Демек, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті бақандай 6 ай бойы қарап отырғанға ұқсайды. 

Талқылау